Азаматтардан негізсіз артық құжат талап етуге байланысты 800-ден астам дерек әшкереленген

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы орталық және атқарушы органдардың жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгертіп, бюрократияға жол бермей, нақты нәтижелерге қол жеткізуді тапсырды.

СҚО-да биыл тіркеусіз, құжатсыз жүрген 5 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінікі

Осы тұрғыда арнайы жарлық бекілітіп, әлемнің жетекші елдерінің басқару практикасында қалыптасқан заманауи тетіктеріне сүйене отырып, мемлекеттік қызметтің сервистік және клиентке бағытталуына негізделген моделін құру ісі ілгерілетілген. Осы құжат аясында агенттік осы уақытқа дейін үкімет аппаратына 700-ден астам ұсыныс енгізді.

- Бюрократия мәселесі өткір тақырыптар қатарында. Жыл басынан бері мыңнан астам қызмет көзсетуден негізсіз бас тарту фактілері анықталған. Осы уақыт аралығында азаматтардан негізсіз артық құжат талап етуге байланысты 800-ден астам фактілер әшкереленді. Қызмет уақытылы көрсетілмей, азаматтарды әуре-сарсаңға салу деректері 18 мыңнан асып отыр,-дейді ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Салауат Мүксімов.

Аталған бұзушылықтар негізінде 900-ге жуық лауазымды тұлғалар тәртіптік, 259-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Атап айтқанда бұзушылардың басым бөлігі 1 млдр теңгеден астам түрлі субсидияларға қол жеткізуге, 400-ге жер телімдерін рәсімдеу құқықтарын қалпына келтірумен және т.б. игіліктерге қол жеткізуге қатысты болып отыр.

Зұлқарнай Ермұрат

Соңғы жаңалықтар