Азаматтардың дербес деректерін қорғау үшін не істеліп жатыр – Мусин жауабы
Елімізде азаматтардың дербес деректерін қорғау үш бағытта жүрзіліп жатыр. Бұл туралы айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов министрден: «Азаматтардың дербес деректерін қорғау бойынша қандай шаралар қабылдануда?» деп сұраған еді.
Сауалға жауап берген министр азаматтардың дербес деректерін қорғау жұмыс үш бағытта жүргізіліп жатқанын айтты.
«Біріншіден, дербес деректерге қол жеткізуді бақылау сервисін әзірледік. Ол қалай жүргізіледі? Мысалы, азамат ХҚКО-ға келген кезде оған СМС жіберіледі. Азамат СМС кодты айтпайынша оператор оның дербес деректеріне қол жеткізе алмайды. Осылайша, барлық қызмет көрсету саласында осындай сервис енгізіледі. Ол келесі жылдан жұмыс істейді. Екіншіден, бүгінде ақпараттық жүйелерді сүйемелдейтін ІТ-қызметтердің іс-әрекеттер де блокчейн платформасына жазылады және олар 10 жыл бойы сақталады. Үшіншіден, дербес деректерге қатысты бұзушылықтарға әкімшілік жазаны қатаңдату ұсынысы Мәжіліс тарапынан мақұлданды. Осы үш бағытта жұмысымызды жалғастырамыз», - деді Бағдат Мусин.