Азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығын қорғау прокуратураның негізгі міндеті болып қала бермек - А.Рашқалиев, Орал қаласының прокуроры

ОРАЛ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығын қорғау прокуратураның негізгі міндеті болып қала бермек. Бұл туралы Орал қаласының прокуроры Амантай Рашқалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығын қорғау прокуратураның негізгі міндеті болып қала бермек - А.Рашқалиев, Орал қаласының прокуроры

Оның айтуынша, қадағалау органдары азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау мәселесіне аса мән береді. Себебі әлемдік қаржылық дағдарыс кезеңінде халықтың материалдық жағдайын жақсарту, сөйтіп әлеуметтік-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Орал қаласында тек биылғы алғашқы жартыжылдық қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық салада 4 мыңнан аса азаматтың конституциялық құқығы қорғалды.

Дағдарыстан өту кезеңінде азаматтардың еңбегі үшін жалақы алу құқығын қорғау мәселесі де прокурорлардың ерекше назарында. Қала прокуратурасы биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында
820 жұмысшының алдында тұрған 18 млн. теңге көлеміндегі жалақы қарызын өтеуге ықпал етті. Қазіргі уақытта ірі және шағын кәсіпорындарда мұндай қадағалау жұмысы өз жалғасын табуда.