«Азаматтарға арналған үкімет» жүргізуші куәлігін заңсыз беру фактілерін анықтады

Новая услуга появилась в мобильном приложении «ЦОН»
Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ

АСТАНА. KAZINFORM – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның қауіпсіздік қызметі тексеру іс-шаралары барысында жүргізуші куәлігін заңсыз беру фактілерін анықтады. 

Аталған факт бойынша ішкі қауіпсіздік қызметкерлері растайтын құжаттарды 2023 жылдың 14 қыркүйегінде құқық қорғау органдарына тапсырды.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында айғақтарды алу және тінту жүргізіліп жатыр. Өзге мәліметтер тергеу амалдары аясында жария етілмейтінін алға тартамыз» - делінген хабарламада.

Айта кету керек, Мемлекеттік корпорация өз құзыреті шегінде қызметкерлер арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында тұрақты түрде қажетті шаралар қолданады.

Соңғы жаңалықтар
telegram