Азаматтық авиация комитеті Таяу Шығыстағы күрделі ахуалға байланысты мәлімдеме жасады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті Таяу Шығыстағы күрделі ахуалға байланысты мәлімдеме жасады

Самолеты  Air astana Эйр астана Ұшақ
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

«Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қазақстандық авиакомпанияларға Иранның әуе кеңістігін айналып өту немесе баламалы бағыттарды таңдау, сондай-ақ тиісті өңірде ұшу бойынша бұрын жолданған нұсқаулар мен ұсынымдарды басшылыққа алу ұсынылады», — делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін Иран Израильді бомбалады, қаптаған зымыран ұшырды.

Артынша, Ұлыбритания Иранның Израильге зымырандық шабуылын айыптады.

Сондай-ақ Иран мен Ауғанстан шекарасында 10 шақырымдық қабырға тұрғызылды.

Соңғы жаңалықтар