«Азаматтық некедегі» әйелін өлтірген алматылық Текеліде ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматыда «азаматтық некеде» бірге тұрған әйелді өлтірген ер адам ұсталды. Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, күдікті 34 жастағы Алматы тұрғыны болып шықты.
None
None

27 тамыз күні Іле ауданының ауруханасына қатты соққы көрген 40 жастағы әйел жеткізіліп, жансақтау бөлімінде есін жимастан көз жұмды.

«Қайтыс болған әйел Өтеген батыр кентіндегі үйлердің бірін жалға алып, ер адаммен бірге тұрып келген. Ер адамның кім екені тергеу амалдары барысында анықталды», - деді облыстық полиция өкілі. Күдікті Текелі қаласындағы туыстарының үйінде жысырынып жатқан жерінен ұсталды. Ол мас болған кезінде дау туып, бірге тұрған әйелін соққыға жыққанын айтты.

Соңғы жаңалықтар