Азаптау туралы шағымдарды прокуратура қарайды – БҚО прокурорының орынбасары
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Азаптау туралы кез келген шағымды прокуратура органдары қарайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО прокурорының орынбасары Нұрлан Ермановтың айтуынша, Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында «Жаңа Қазақстанды» құру үшін орта ғасырлардан қалған азаптауды барынша азайту және толық жою қажеттігін атап көрсеткен болатын.
Бұл орайда прокуратура органдарына республиканың барлық құқық қорғау және арнаулы органдарының қызметін үйлестіруші ретінде негізгі рөл жүктелді.
Осыған байланысты азаптаудың алдын алу бағытында нормативтік және ұйымдастырушылық жасау, сондай-ақ азаматтардың азаптауға мүлдем төзбеушілігін қалыптастыруға бірінші кезекте мән берілді.
Н.Ермановтың айтуынша, Президент тарапынан қойылған міндетті жүзеге асыру үшін биылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (ҚІЖК) өзгерістер енгізілді.
Соған сәйкес қылмыстық істерді тергеу прокуратура органдарының айрықша құзыретіне жатқызылды.
Егер бұрын мұндай санаттағы істерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары және ІІМ-нің өзіндік қауіпсіздік бөлімшелері тексерген болса, қазіргі уақытта азаптау туралы кез келген шағымды прокуратура органдары қарауға және тексеруге тиіс.
Мұндай санаттағы істерді басқа құқық қорғау органдарының тергеу тәжірибесі көрсеткендей, қылмыскерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарта отырып, азаптау туралы қылмыстық істерді сотқа жіберу өте аз.
Бұған азаптау туралы істер бойынша қылмыстың іздерін бекіту бойынша тергеу әрекеттерін уақтылы жүргізбеу негізгі себеп болып отыр.
Осыған байланысты азаптау айғақтарының жоғалу қаупін жою және анықтауды кешіктіруге жол бермеу мақсатында Бас прокуратура «Азаптаулар туралы қылмыстық істер бойынша прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру туралы» нұсқаулықты әзірледі.
Бұл қылмыстың осы түрін анықтау және анықтау кезінде прокуратура қызметкерлерінің әрекеттерінің қадамдық алгоритмін белгілейді.
Нұсқауда «Азаптау туралы арызды (хабарламаны) алған немесе азаптау фактісін анықтаған прокурор оны дереу сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (СДТБТ) тіркейді және шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізеді», делінген.
«Азаптау туралы кез келген шағымды СДТБТ-да дереу тіркеу осындай істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуын білдіреді және тергеу органына ҚІЖК-де көзделген барлық қажетті тергеу іс-шараларын олардың жасалу дәлелдемелерін табу және тіркеу үшін жүргізуге құқық береді. Бұл норма Ыстанбұл хаттамасының («Азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерін тиімді тергеу және құжаттандыру жөніндегі нұсқаулық») талаптарына толық сәйкес келеді, оның ережелерін мемлекетіміз өз мойнына алған», - дейді Н.Ерманов.
Қылмыстық қудалау органдарында да, бас бостандығынан айыру орындарында да азаптауды болдырмауға прокуратура ерекше назар аударады.
Қызметкерлердің азаптауға жол беруге болмайтыны және оған барғаны үшін қатаң жазаға тартылатыны жөнінде олардың сана-сезімін арттыру мақсатында құқық қорғау органдары мен түзеу мекемелерінің барлық үй-жайларын бейнебақылау камераларымен толық жарақтандыру жұмысы жүргізіліп жатыр.
Бұл мекемелерде камералардың тиісті жұмысына, бейнежазбалар мен серверлердің сақталуына, оның ішінде құқыққа қайшы әрекеттерді, соның ішінде азаптауға барған адамдарды әшкерелейтін бейнежазбаларды жою деректерін болдырмауға айрықша мән беріледі және соған жол бермеу үшін жеке жауапты нақты лауазымды тұлғалар белгіленді.
Бас прокуратураның ведомствоішілік құжаттарымен құқық қорғау органдарына, уақытша ұстау изоляторларына, тергеу изоляторлары мен түзету мекемелеріне күнделікті бару міндеті жүктелген қалалық және аудандық прокуратуралардың кезекші прокурорларының рөлі күшейтілді.
Мұндағы мақсат – азаптауға жол бермеу бойынша алдын алу шараларын қабылдау, тергеу мен анықтауды жүргізудің басқа да рұқсат етілмеген әдістерін, басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын үндеу мен жазалау түрлерін болдырмау.
Оларға азаптау туралы арыздарды дереу тіркеу және ізі суымай шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізу міндеті жүктелген.
Қабылданған шаралар біздің елімізде осы «ортағасырлық құбылысты» барынша азайтуға мүмкіндік береді, қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді, ал қылмыстық сот ісін жүргізуде гуманизм мен заңдылық қағидатын толық ұстану, сайып келгенде, құқық қорғау және күш құрылымдары қызметкерлерінің күдіктілерге, айыпталушыларға, сотталушыларға және сотталғандарға заңсыз әрекетін болдырмайды деп санаймыз.
Қоғамның әрбір мүшесі бұл адамдардың барлығы да біздің еліміздің толыққанды азаматтары болып табылатынын және олардың қылмыстық процестегі процестік мәртебесіне байланысты белгілі бір шектеулерді қоспағанда, мемлекет тарапынан қорғалуға жататын барлық құқықтары бар екенін түсінуі тиіс.
«Азаптауға қарсы іс-қимылда қоғам мен мемлекеттің тығыз өзара іс-қимылы ғана қазақстандық қоғамда осы жағымсыз құбылыстың толық жойылуына әкеледі, адамның қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас пен жазалау түрлерімен күресу мәселелерінде Қазақстанның мемлекетаралық деңгейдегі рөлін арттырады, сондай-ақ Президент пен тұтастай алғанда Қазақстанның мемлекеттік билігінің халықаралық аренадағы беделін арттырады. Прокурорлық ден қою шараларын қабылдау және оларды жасағаны үшін кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін азаптаулар туралы кез келген ақпаратты прокуратура органдарына мүдделі азаматтардың хабарлауы да маңызды», - деп түйіндеді ойын Н.Ерманов.
Фото: БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі