Әзербайжанда ковидке байланысты карантин 2027 жылғы қаңтарға дейін ұзартылды

АСТАНА. KAZINFORM — Әзербайжан аумағында ерекше карантин режимінің қолданылу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Anadolu

Әзербайжанда ковидке байланысты карантин 2027 жылғы қаңтарға дейін ұзартылды
Фото: Trend

Әзербайжанның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл туралы ел премьер-министрі Әли Асадов тиісті қаулы қабылдаған.

Қаулыға сәйкес, ел аумағында коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуын және одан туындауы мүмкін салдардың алдын алу мақсатында республикадағы ерекше карантин режимінің қолданылу мерзімі 2027 жылғы 2 қаңтарға дейін ұзартылды.

Бұған дейін күздің келуімен жөтел, дене қызуының көтерілуі, тамақтың ауыруы және әлсіздікке қатысты шағымдар көбейетіні хабарланған болатын. Кейбір адамдар мұны тұмау деп санаса, енді бірі COVID-19 қайта өршіді деп алаңдайды. Алайда мамандар тыныс жолдарының инфекцияларындағы белгілердің ұқсастығына байланысты ауруды тек симптомдарына қарап анықтау қиын екенін атап өтеді. 

Айта кетелік Астана тұрғындары әлеуметтік желілерде «жаңа вирус» тарағанын айтып, бір-біріне ұқсас белгілер байқалып жатқанын жазып жатқаны туралы жазған едік