Әзербайжанда миллиардер өз жұмысшыларының банк алдындағы қарызын өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осыдан 10 күн бұрын Гёйчайдегі Теймур Ахмедов атындағы «AzNar» концернінің иесі - миллиардер Фархад Ахмедовтың анасы өмірден озды.

 Әзербайжанда миллиардер өз жұмысшыларының банк алдындағы қарызын өтеді

Интераз хабарлағандай, Фархад Ахмедов  Гёйчайға анасын ақтық сапарға шығарып салу үшін келгенде зауытта болып, 150 жұмысшының 80-нен астамында банк алдында қарыздары бар екенін білген. Миллиардер олардың борышын өтеп берді.