Ажар Ғиният Қазақстанға қызылша қайдан келгенін айтты

«Қызылшаның тарауы көп елде байқалып отыр, оның ішінде Қазақстан да бар. Жыл басынан 2 мыңға жуық бала қызылша жұқтырған. Олардың көбі екпе алмаған балалар, сонымен қатар сырттан алып келді. Балалар алыс-жақын шет мемлекеттерге демалысқа барады. Індетті ушықтырмау мақсатында қызылшаға қарсы екпе алмаған балалардың ата-аналарымен профилактикалық, түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр», - деді Ажар Ғиният Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Сондай-ақ министр қызылшаның қандай елдерден келгенін айтты.
«Жыл басында қызылша жұқтыру Түркия мен Ресейден келгендерден тіркелді. Кейін оның тарауы арта бастады. Өңірлер бойынша Астанада жоғары», - деді ведомство басшысы.
Айта кетсек, кеше елордаға бірнеше елден келген азаматтардан қызылша анықталғаны туралы хабарлаған едік.