Ажары айшықталған Арыс
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығында қала мен 6 ауылдық округті біріктірген Арыс қаласына 60 жыл толып отыр. Бүгінде шырайы енген шаһардың тарихы тереңде жатыр, деп жазады "Айқын" газеті.
Қазақ елі тарихыменөзектес Арыс өңіріндегі Қожатоғай ауылдық округі аумағында тас дәуірінің ескерткіштері табылып, алғашқы адамдардың өмір сүргені мәлім болды. Ақдала және Дер¬мене ауылдық округтеріндегі көмбе қор¬ғандар б.з. дейінгі ІV және III ға¬сырға жатады. Біздің дәуіріміздің ІІ-VІІ ғасырында ондаған қалашықтар мен қалалар бой көтеріпті. Солардың бірі - әрі бірегейі Байырқұм (Байыркент) қалашығы.
Арыс қаласы тарихының жаңа кезеңі өңірге темір жол келуімен тығыз бай¬ланысты. Бірінші Арыс вокзалы 1904 жылы пайдалануға берілді. Алғашқы паровоз қаламызға сол жылдың 15 қаңтарында келген екен. Сөйтіп, Орынбор-Ташкент аралығында пой¬ыз¬дар қатынай бастайды. Ал Арыс- Шымкент аралығында темір жол қатынасы 1915 жылдың қыркүйегінде ашылды. Елуінші жылдарда темір жол торабында тепловоз және вагон депо¬лары, станса, жол және белгі беру дистанциялары болды. 1956 жылы шпал¬ға май сіңіру зауыты пайдалануға берілді. Жүк түсіру, тиеу пункті, мұз зауыты, электрмен жабдықтау бө¬лім¬шесі жұмыс істейтін. Қала тұрғындарына сумен қамтамасыз ету мекемесі, темір жол және қалалық аурухана қызмет жасайтын. Екі қазақ және екі орыс мектебі бар еді. Дегенмен, халықты сапалы ауызсумен, электр жарығымен қамтамасыз ету, жолдарды асфальттау, көріктендіру-көгалдандыру, жолау¬шы¬лар тасымалдау, әлеуметтік саланың ма¬териалдық базасын нығайту үлкен проблема еді. Су колонкасы қаланың әр жерінде ғана еді. Тұрғындар кезекке тұрып, ақша төлеп, әпкішпен су таситын. Электр жарығы көп үйлерде жоқ бо¬латын. Қалалық электр жүйесі кәсіпорны ол кезде құрылмаған. Жарықты қолы жеткендер темір жол электр стансасынан алатын. Ол, тіптен же¬тімсіз еді. Жолаушылар тасымалдау автокә¬сіпорны болмаған. Бірінші Арыс вок¬залы мен екінші Арыс вокзалы аралы¬ғында есек арбамен қатынайтын. Қа¬ла¬да, негізінен, жатаған үйлер бо¬ла¬тын. Қаламыздың тарихындағы ең не¬гізгі оқиғаның бірі - 1956 жылы 31 шілдеде Қазақ КСР Жоғары кеңесі пре¬зи¬диумының Жарлығымен Арыс по-селкесі аудандық бағыныстағы қала атанды. Аталған Жарлыққа сол кезде еліміздің Жоғары кеңесінің төрағасы, Қазақстанның жерін бөлшектеуге қарсы басын тіккен, ұлттың біртуар азаматы Жұмабек Тәшенов қол қойған екен. «Ел дегенде еміренген, жұрт де-генде тебіренген» асыл азамат Жұма¬бек Тәшеновтiң есімін мәңгі есте қал¬дыру мақсатында қаланың Дермене ауылындағы орта мектепке оның аты берілді. Президент Н.Назар¬баев та теміржолшылар қаласында болып, ара¬лап көрді.
Әрине, табыс қарапайым жұмыс¬шылардың, инженер-техник қыз¬мет¬керлердің маңдай терінің, ерен ең¬бек¬терінің арқасында келді. Кәсіпорын мен мекеме және қала басшыларының зор ұйымдастырушылық жұмысының нәтижесі еді. Әр кезде қаламызды бас¬қарып, елеулі ұйымдастырушылық жұмыстарын жүргізген, тұрғындар ал¬ғысына бөленіп, естерінде қалған абзал азаматтарды атап өткен жөн. Олардың арасында қаламыздың алғашқы «мэрі» Қаһар Ибрагимов, Ештай Шерімов, Эдуард Мұхамедов қалалық партия ко¬митетінің бірінші хатшылары Всеволод Троян, Михайл Анищенко, хатшы, со¬сын тұңғыш әкім болған Қуаныш Айта¬ханов, Серік Тәукебаев тағы басқалар.
Қаламыздың атағын асқақтатуға рес¬публикаға танымал ұл-қыздары елеулі үлес қосты. Кеңес Одағының батырлары Бейсен Онтаев, Садық Исмаилов, Иван Журба, Берген Иса-ханов, Нағи Илиясов, Ережепбай Мол¬дабаевтарды, Еңбек Ерлері Сырлыбек Байжанов, Көбжан Мұхамеджанов, Әуесхан Салықбаев, Боранбек Шүкір¬беков, Әбдуәлі Балғымбековтерді, қо¬ғам және мемлекет қайраткерлері Тө¬леген Тәжібаев, Абылай Тілеубердин, ақын жазушылар Садықбек Адамбеков, Дулат Исабеков, Нәмет Сүлейменов, Өтебай Тұрманжанов, Қосжан Мүсі¬репов, Бекен Әбдіразақов, Аманхан Әлімұлы, ғалымдар Бейсенбай Кен¬жебаев, Мұрат Жұрынов, Әбдімұса Қуатбеков, Пазылхан Мұсабеков және ғалым, ірі кәсіпкер, демеуші Дінмұ¬хаммед Ыдырысов, әншілер Нұржамал Үсенбаева, Ақжол Мейірбеков, ком¬по¬зитор Ержан Серікбаевтарды атап өт¬кен жөн. Осы арада айту ләзім, қала әкім¬дігінің тікелей бастамасымен және ұйымдастыруымен қаламыздың 60 жыл¬дығына арналған тарихи-таным¬дық, энциклопедиялық және фотоше¬жірелік кітаптарды Ермек Балташұлы мен Әбдімәлік Ағыбай дайындады.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығын және қаланың 60 жылдығын лайықты та¬быстармен қарсы алу үшін Сейіт Мыр¬зақұлы бастаған қала әкімдігі үлкен ұйымдастыру жұмыстарын 2015 жылы бастады. Бір жарым жыл ішінде ша¬һарымыз әлеуметтік-экономикалық са¬лада дамып, әлеуеті артып, көркейіп, ажарланып, адам танымастай өзгерді. Құрылыс, инфрақұрылымды дамыту қарқынды жүргізілуде. Осы уақыт ішін¬де «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету ор¬та¬лығы» салынды. Ақдала, Дермене мен Қожатоғайда каналдар жөнделді. Ин¬дустрияландыру-инновациялық даму бағдарламасы аясында «Қазына-Жер-LTD» тауарлы сүт фермасын іске қосты. KAZ GREEN TEK SOLAR ЖШС күн сәулесін пайдаланатын құны 11 млрд теңгелік зауыт салуды қолға алды. Алда тағы да 4 жоба іске асырылмақшы.
Тәуелсіздік жылдарында алғаш рет 2 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, 150 отбасы пәтерлі болды. Қала¬мыз тарихында тұңғыш рет 6 мектепті салу қолға алынды. Оның екеуі пайда¬лануға берілсе, төртеуінің құрылысы аяқталып, жаңа оқу жылында шәкірт¬терді қабылдауға дайын. Соның арқа¬сында қала аумағында 3 ауысыммен оқытатын және апатты жағдайдағы мектептер проблемасы толық шешілді. Қала мен ауылдарда 6 балабақша ашы¬лып, жалпы олармен балаларды қамту 82 пайызға жетті. 11 мектеп, 1 балабақ¬ша және 1 ауылдық амбулатория күр¬делі жөндеуден өткізілді. Қалалық Мә¬дениет үйі жаңғыртылып, 2 ауылдық клубы күр¬делі жөнделді. Спорт кешені са¬лы¬нып, пайдалануға берілді. 2 ангар¬лық және 2 жазғы спорт алаңшалары іске қосылды. Тағы да 9 балалар алаңша¬лары абаттандырылып, 13 спорт алаң¬шалары салынуда. Жеңіс, Батырлар, Жастар, Орталық саябақтары жаң¬ғыртылды. Жеңіс саябағында Ұлы Отан соғысына қатысқан 10533 арыстық жауынгерлердің аты-жөндері мрамор тақтаға қашалып жазылды. Аумағы 12 гектарлық саябақтың құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға бе¬рілді. 2 көпқабатты тұрғын үйлердің көше жағына сквер салынып, абат-тан¬дырылды. Темір жол үстіндегі аспа кө¬пірден әскери гарнизон және шығыс пен батыс бағыттағы жолдары қиы¬лы¬сындағы тұрғын үйлердің трасса жа¬ғына жабындықтар қойылып, паннолар орнатылды. Көшелерге аркалар қойы¬луда. Қала мен елді мекендер мерекеге сай көркем безендірілді. Қала әкімдігі алдында Мәңгілік ел саябағы жаса¬лынып, ескерткіш қойылады. Іргелес жатқан жер абаттандырылып, қаланың «Құрметті азаматтар» аллеясы салы¬нады.
Қала мен ауыл тұрғындарын су және жарықпен қамтамасыз етуді жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Көпқабатты тұр¬ғын үйлердің канализациясын жөн¬деу жұмыстары қолға алынуда. Көше жолдарын жөндеу де жүргізілуде. Барлығы қала мен ауылдарда былтыр 25 көше орташа жөндеуден өткізілді. Қазіргі заманауи талаптарға сай 5 көше кеңейтіліп, суағарлар мен екіжақты жарықтар қойылып, жаяу жүргіншілер үшін аяқжолдар төселіп және түнгі жарықтар орнатылды. Қалада алғаш рет 8 көше қиылыстарына бағдаршам, 60 бейнебақылау камералары қойылды. Қазір қала мен елді мекендерде 33 кө¬шені жөндеу қолға алынуда. Жарық ба¬ғаналары мен желілері ауысты¬ры¬луда. Қабылсай өткелі құрылысы аяқ¬талды. Облыстық маңызы бар Қожа¬тоғай-Сарыкөл автожолы екі көпірі¬мен жөндеу аяқталып келеді. Ақдала-Шәуіл¬¬дір жолы да бітуге таяу. Шым¬кент-Арыс трассасы бойындағы өзен үстінен өте¬тін 2 көпірді жөндеу бас¬талды. Тәуелсіз¬дігіміздің 25 жылдығы қарсаңында ауыл¬дарда орталық көше¬лерге күн сәу-лесінен энергия алатын жарықтар қойылып, тротуарлар салы¬нады.
Барша қазақстандықтармен бірге біз үшін де ең маңыздысы Тәуел¬сіз¬дігіміздің 25 жылдық мерейтойы бол¬мақ. Осы жылдарда республикамыз ұлт Көшбасшысы, Елбасымыз Нұр-сұл¬тан Назарбаевтың кемеңгер басшы¬лығымен бүкіл әлемге танылып, БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүше¬лігіне сайланып, алпауыт елдер санасатын елге айналып отыр. Қазақ¬станның ширек ғасырлық мерекесін қаламыздың 60 жылдығымен қатар лайықты қарсы алу әрқайсысымыздың патриоттық міндетіміз.
Оразхан СЕЙДЕШҰЛЫ,
Арыс қаласының құрметті азаматы