Ажырасқан неміс әйелі бұрынғы күйеуін және баласын атып өлтірді

Бұл жөнінде Лента.Ру. хабарлайды.
Осыдан екі ай бұрын күйеуімен ажырасқан 43 жастағы адвокат Сабина Р. қыркүйектің 19-ында баласын көруге келеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, содан соң ол бірінші кезекте өзінің 46 жасар бұрынғы күйеуін атып өлтірген, артынан үйді өртеген. Қирандыларды тазарту кезінде өрт сөндірушілер екі адамның денесін тапқан.
Үйді жарып жіберген әйел, қолына мылтық алып, жергілікті уақыт бойынша сағат 18:10-да көшеге шыққан да кездейсоқ адамдарға оқ ата бастаған. Соның салдарынан екі адам жараланған. Мұнысымен тоқтамаған қылмыскер Қасиетті Елизавета ауруханасының ғимаратына рұқсатсыз енген. Куәлардың айтуынша, әйел санитарды атып өлтірген және бір полицейді жаралаған.
Араға көп уақыт салмай оқиға орнына жедел жеткен арнайы топ пен қылмыскер әйел арасындағы қарулы атыс барысында Сабина Р. оққа ұшты.