Азиада-2017: Эстафеталық жарыста шаңғышы қыздарымыз медальсыз қалды

САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында эстафеталық шаңғы жарысынан аруларымыз жүлдесіз қалды, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Аруларымыз эстафеталық 4×5 шақырымда төртінші орынға табан тіреді. Бұл сайыста Қазақстан құрамасынан Ангелина Шурыга, Анжелика Тарасова, Марина Матросова, Елена Коломина өнер көрсетті.

Бұл сайыста бас жүлдені Жапония спортшылары еншілесе,  екінші орынға қытайлық шаңғышылар жайғасты. Ал үздік үштікті Оңтүстік спортшылары қанжығасына байлады.

Соңғы жаңалықтар