13:58, 20 Ақпан 2017 | GMT +5
Азиада-2017: Конькишілеріміз 5000 метрді бесінші орынмен аяқтады
САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында конькишілеріміз 5000 метрде сынға түсіп, спортшыларымыздың ең үздік көрсеткіші - бесінші орынмен шектелді, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.

Бесінші орынға отандастарымыз арасынан Дмитрий Бабенко қол жеткізді. Бұл қашықтықта Оңтүстік Кореялық Сён Хун Ли чемпион атанды. Екінші орынға жапониялық Рёсуке Тсучия қол жеткізсе, оның отандасы Сейтаро Ичиноэ үздік үштікті қорытындылады.
Қысқы Азия ойындары -2017. Саппоро (Жапония)
Коньки спорты. Ерлер. 5000 метр
1. Сён Хун Ли (Оңтүстік Корея) - 6:24.32
2. Рёсуке Тсучия (Жапония) - +5.35
3. Сейтаро Ичиноэ (Жапония) - +7.52
5. Дмитрий Бабенко (Қазақстан) - +16.85.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін шаңғыдан әйелдер арасында классикалық стильдегі спринттік жарыстан Елена Коломина қазақстандық спортшылардан алғашқы болып күміс жүлдені жеңіп алды.