18:03, 27 Қаңтар 2025 | GMT +5
Азиада-2025: биатлоннан Қазақстан атынан кімдер өнер көрсетеді
АСТАНА.KAZINFORM - Биатлоннан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтетін Қысқы Азия ойындарына қатысатын спортшыларды анықтады. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет мәлім етті.

Қазақстан биатлоншылар одағының мәліметінше, құрам соңғы ішкі және халықаралық жарыстардағы нәтижелер, сондай-ақ спортшылардың қазіргі физикалық жағдайы негізінде жасақталған.
Нәтижесінде Харбинде Қазақстан атынан Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев, Вадим Куралес, Кирилл Бауэр, Дарья Климин, Ольга Полторанина, Арина Крюкова, Полина Егорова және Елизавета Белецкая өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Қысқы универсиадада қазақстандық биатлоншы Кирилл Бауэр қола жүлдеге қол жеткізді.