Азиада-2025: Қазақстан спортшыларының 9 ақпандағы жарыс кестесі

ХАРБИН. KAZINFORM — 9 ақпан күні Қазақстан спортшылары Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында жеті спорт түрінен сынға түседі.

Азиада-2025: қазақстандық спортшылардың 9 ақпандағы жарыс кестесі
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасының жарыс кестесі төмендегідей:

Шорт-трек:

9 ақпан, 7:00. Ширек финал. 1000 метр (Әйелдер)

9 ақпан, 7:16. Ширек финал. 1000 метр (Ерлер)

9 ақпан, 8:55. Жартылай финал. 3000 метр командалық эстафета (Әйелдер)

9 ақпан, 9:21. Жартылай финал. 5000 метр командалық эстафета (Ерлер)

Конькимен жүгіру:

9 ақпан, 9:00. Финал. 500 метр (Әйелдер)

9 ақпан, 9:55. Финал. 5000 метр (Ерлер)

9 ақпан, 11:51. Финал. Командалық із қуу (Әйелдер)

Керлинг:

9 ақпан, 6:00. Топтық кезең. Қазақстан — Жапония (Әйелдер)

9 ақпан, 10:00. Топтық кезең. Қазақстан — Қытайлық Тайбэй (Ерлер)

Шайбалы хоккей:

9 ақпан, 12:30. Топтық кезең. Қазақстан — Корея (Әйелдер)

Тау шаңғы:

9 ақпан, 7:00. Бірінші кезең. Слалом (Ерлер)

9 ақпан, 9:00. Екінші кезең. Слалом (Ерлер)

Фристайл:

9 ақпан, 7:00. Бірінші финалдық кезең. Акробатика (Әйелдер)

9 ақпан, 7:38. Екінші финалдық кезең. Акробатика (Әйелдер)

9 ақпан, 8:40. Бірінші финалдық кезең. Акробатика (Ерлер)

9 ақпан, 9:22. Екінші финалдық кезең. Акробатика (Ерлер)

Ски-альпинизм:

9 ақпан, 7:30. Іріктеу. Спринт (Әйелдер)

9 ақпан, 7:45. Іріктеу. Спринт (Ерлер)

Айта кетейік, Қазақстан делегациясы қысқы Азия ойындарының алғашқы күні 3 күміс еншілеп, медалдар кестесінде төртінші орынға жайғасты.

 

Соңғы жаңалықтар