Азиада-2025: Мәнерлеп сырғанаудан жарысқа қатысатын спортшылар анықталды

АСТАНА. KAZINFORM —  Мәнерлеп сырғанаудан 8 спортшы Азиада ойындарында бақ сынайды, деп хабарлайды Қазақстандық конькимен мәнерлеп сырғанау одағының баспасөз қызметі

мәнерлеп сырғанау
Фото: Olympic.kz

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтетін Азия ойындарына қатысатын спортшылардың құрамын анықтады.

Алдағы Азия ойындарында медаль үшін келесі спортшылар бақ сынайды:

Ерлер арасындағы жекелей сырғанау: Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, қосалқы құрамда – Рахат Бралин.

Әйелдер арасындағы жекелей сырғанау: Софья Самоделкина, Софья Фарафонова, қосалқы құрамда – Анна Левковец.

Мұз үстіндегі би: Гаухар Наурызова / Байсанғұр Датиев.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қытайда өткен мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров екінші орын алғанын хабарладық.

Соңғы жаңалықтар