Азиада-2026: Әлижан Аблағатов ушудан алғашқы медальді жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында ушудан жартылай финалдық жекпе-жектер өтуде, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі.

Азиада-2026: Әлижан Аблағатов ушудан алғашқы медальді жеңіп алды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әлижан Аблағатов финалға шығу жолында ирандық Мохаррами Пирагоммен кездесті. Жекпе-жек қарсыластың пайдасына аяқталды.

Осылайша, Әлижан Аблағатов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл - Қазақстанның ушудан Азия ойындарындағы алғашқы медалі.

Айта кетелік Артем Саркисян Азия ойындарында қола жүлдеге ие болған еді