Азиада: Биіктігі 95 метрлік тұғырдан секірудің бірінші кезеңінен кейін жерлесіміз Евгений Левкин көш бастады

АЛМАТЫ. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ - 7-Қысқы Азия ойындары аясында бүгін Алматыдағы Шаңғымен тұғырдан секіретін халықаралық кешенде биіктігі 95 метрлік тұғырдан секіруден жекелей сын жарыстары өтуде.
None
None

Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша қазақстандық қанатты шаңғышы Евгений Левкин 128,5 балл жинап, көш бастады. Ол 102 метр қашықтыққа секірді. Екінші орында биіктігі 125 метр тұғырдан секіруден чемпион атанған жапониялық Казуя Иосиока (Kazuya Yoshioka) келеді. Ол да 102 метр қашықтыққа секірді, алайда техникасы үшін жерлесімізге қарағанда аз ұпай алды, оның еншісінде қазір 125,5 балл бар. Тағы бір қазақстандық спортшы Радик Жапаров үшінші орынға орналасты. 101 метр қашықтыққа секірген ол Казуя Иосиокаға 0,5 балл ұтылуда. Бұл жарыстағы секірушілердің ішіндегі фавориттердің бірі - жерлесіміз Николай Карпенко әзірше төртінші орында тұр. Жарысқа барлығы 11 спортшы қатысуда. Жалпы бұл жарысқа Қазақстаннан - 6 , Жапониядан - 2, Қытайдан -1, ал Кореядан - 2 спортшы қатысуда.

Айта кетейік, спортшылардың өнері - секіру қашықтығына және оның әдемі орындалуына байланысты бағаланды. Оған 5 төреші 20 баллға дейінгі орындау стилі және арнайы кесте бойынша секірудің қашықтығына баға береді.

Соңғы жаңалықтар