Азиада: Гүлжан Исанова дзюдодан қола жүлде алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық дзюдошы Гүлжан Исанова Индонезияның Жакарта және Палембанг қалаларында өтіп жатқан 2018 жылғы Азия ойындарында 78 келі салмақ санатында қола медальды еншіледі, деп жазады Sports.kz.
Ол үшінші орын үшін моңғолиялық Мөнктуя Баттұлғамен күш сынасып, 10:0 есебінде жеңіске жетті. Оның алдында Гүлжан Қытай Тайбэйінің өкілі Цзявэй Цхайды жеңіп, жартылай финалда жапониялық Акира Сонадан ұтылып қалған болатын.
Бүгін Азиаданың қола медалі үшін Қазақстан атынан кілемге шыққан Ислам Бозбаев (90 кг) пен Зарина Райфова (78 кг) жеңіліске ұшырады.
Гүлжан Исанованың медалі Қазақстан құрамасы үшін 61-ші жүлде болды. Қазақстан қоржынында әзірге 11 алтын, 11 күміс, 39 қола медаль бар.
Фото: www.olympic.kz