АЗИАДА: Қазақстандық тау шаңғышы Л. Федотова Азиада чемпионы, еншімізде 21 алтын

АЛМАТЫ. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 7-Қысқы Азия ойындары аясында жерлесіміз Людмила Федотова тау шаңғысы спортынан әйелдер арасындағы суперкомбинация жарысында жеңімпаз атанды. Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынына 21-алтын медаль түсті.
None
None

Ұшына жалаушалар байланған жерге қадалған шыбықтардың арасынан өте отырып төмен қарай құлдилаудың екі кезеңі бойынша Людмила Федотова 2 минут 1,41 секунд уақыт көрсеткішімен чемпион атанды. Атап өтерлігі, суперкомбинацияның бірінші түрі - супергигант слаломының нәтижесі бойынша отандасымыз 7-Қысқы Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы оңтүстіккореялық спортшы Ким Сун Джуға (Kim Sun Joo) 0,36 секундқа ұтылып тұрған болатын. Алайда екінші жаттығу кезінде Ким Сун Джу қашықтықтың соңғы метрлерінде құлап қалып, алтыннан үмітін үзді. Нәтижесінде ол алтыншы орынды місе тұтты. Бұл жарыста күміс жүлдені Федотовадан 2,23 секундқа қалып қойған екінші бір оңтүстіккореялық спортшы Джон Сора (Jeong Sora) жеңіп алды. Қола жүлде біздің жерлесіміз Ксения Строиловаға бұйырды. Ол чемпионнан 2,86 секундқа қалып қойды.

Соңғы жаңалықтар