АЗИАДА: Конькимен жүгіруден ерлер арасында өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы қола жүлдеге ие болды

АНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 7-қысқы Азия ойындары аясында 3 мың 200 метр қашықтыққа конькимен жүгіруден ерлер арасында өткен жарыста Қазақстан құрамасы жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.
None
None

Естеріңізге сала кетейік, Астанада өтіп жатқан бұл жарыстан Қазақстан құрамасы атынан Александр Жигин, Александр Белоусов, Дмитрий Бабенко өнер көрсетті. Осы жарыста Жапония құрамасының атынан шыққан Хирако Хирок, Накамура Шота, Мори Тепей 3 мың 200 метр қашықтықты 3 минут 49,18 секундта жүгіріп өтіп, Азияның жаңа рекордын бекітті және жарыстың жеңімпаздары атанды. Ал жарыс жеңімпаздарынан 0,03 секундқа кешігіп келген Оңтүстік Корея құрамасының өкілдері Ли Ке Хьюк, Мо Тэ Бум және Ли Сын Хун жүлделі екінші орынға табан тіреді. Сондай-ақ бәсекені 3 минут 49,56 секундта аяқтаған еліміздің құрамасы үшінші орынды алды.

Соңғы жаңалықтар