Азиада олимпиадасына қанша күн қалғанын кері есептейтін таблоның ашылу салтанаты наурыз айына ауыстырылды

АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат - Қаңтардың 30-ында VII қысқы Азиада ойындарының ашылуына тура 365 күн қалатынына қарамастан, Азия Олимпиада кеңесінің ұсынысымен оған қанша күн қалғанын кері есептейтін таблоның ашылу салтанаты 2010 жылғы наурыз айына ауыстырылды,

Азиада олимпиадасына қанша күн қалғанын кері есептейтін таблоның ашылу салтанаты наурыз айына ауыстырылды

деп хабарлады бүгін ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақпан ыңғайсыз ай болып отыр, өйткені бұл кезде Ұлттық олимпиада комитетінің мүшелері, атлеттер, жаттықтырушылар, спорт қоғамдастығы Ванкувердегі Олимпиада ойындарына дайындалу және қатысу үстінде болады. Бұдан басқа, Азия Олимпиадалық кеңесінің мүшелері - Астана мен Алматыда өтетін салтанаттың құрметті қонақтары да Канададағы Ойындардың ұйымдастыру жұмыстарында жүреді.

Естеріңізге сала кетейік, олимпиада дәстүрлері бойынша шараға тура бір жыл қалғанда оған қанша күн қалғанын кері есептейтін табло ашылады. Ол ірі спорт форумдарының басты атрибуттарының бірі.

Биылғы жылы таблоның ашылуы қатысушы-елдер алдында Азиада-2011 ұйымдастыру комитетінің Ойындарға әзірлігі туралы есебі тыңдалатын семинарға орайластырылып отыр.

Кері есептеу таблосы екі қалада бір мезгілде орнатылады. Оны салтанатты ашудың бағдарламасы қазірдің өзінде дайын болды. Астанада ол «Астана-Арена» жаңа футбол стадионының қасында, ал Алматыда - Абай және Байтұрсынов даңғылдарының қиылысында, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы алдында орнатылады.