Азиада ойындары өтетін спорттық нысандардағы жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде

ЛМАТЫ. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматы әкімі Ахметжан Есімов күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан спорт кешендерінде болып, олардың жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азиада ойындары өтетін спорттық нысандардағы жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде

Қала әкімі алдымен Орталық стадионды аралып көрді. Бұндағы жөндеу жұмыстары өткен жылдың қазан айында басталған болатын. Қазіргі кезде су құбырлары мен алаңды жылыту, су шашу құрылғыларын орнату жұмыстары аяқталып, сейсмобекіту мен трибуналарды жөндеу жүргізіліп жатыр. Алаңды толық жөндеу шілде айында, ал стадиондағы жалпы жөндеу жұмыстары жылдың аяғына дейін аяқталмақ. Құрылыс жүргізуші компания өкілдері жөндеу жұмыстарының кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Әкім аралап көрген тағы бір нысан Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы мен халықаралық шаңғы трамплині кешенінде де жөндеу жұмыстары кестеден кешікпеген. Қазіргі кезде спорт сарайында сыртқы әрлеу жұмыстары мен көпқабатты автотұрақ құрылысы жүргізілуде. Мердігер компания өкілдері жөндеу жұмыстарын мерізімінде аяқтаймыз деп отыр. Әкім өз кезегінде оларға сапаға мән беруін тапсырды.