Азиада ойындарының жабылу рәсіміне 700-дей әртіс қатысты - бас продюсер Арман Дәулетияров
Бұл туралы шоудың бас продюсері Арман Дәулетияров баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«Бұл шараға 700-дей әртіс қатысты. Оған шетелдік артистер қатыстырылмады. Оны бұл шараны ұйымдастыру кезінде алдымызға басты мақсат етіп қойдық. Шоуға қатысқан артистердің бәрі алматылық», - дейді Арман Дәулетияров.
Ал креативтік продюсер Роман Бутовскийдің айтуынша, ондағы негізгі тұғырнама махаббат пен отбасы болды. Өйткені 7 күннің ішінде Алматы мен Астана қалаларында өткен 7-қысқы Азия ойындарын Азияның 45 мемлекетінің тұрғындары бірдей тамашалады. Бәрі өзін ортақ үйде жүргендей сезінді. Сондықтан Азиаданың жабылу рәсімінде де осы идея негізге алынды. Оған осы шоуды ұйымдастырушылар 2,5-3 айдай уақытын жұмсаған. Жалпы 7-қысқы Азия ойындарының ашылу рәсімі мен Алматыдағы жабылу рәсімін өткізуді бір-бірінен тәуелсіз екі команда жүзеге асырып отыр.