Азиадаға қатысушылар павлодарлық студенттермен өз әсерлерімен бөлісті

ПАВЛОДАР. 12 ақпан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар педагогикалық институтының студенттері Азиадаға қатысқан және облыстың танымал спортшыларымен кездесті, деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметі.

Азиадаға қатысушылар павлодарлық студенттермен өз әсерлерімен бөлісті

«Маған ойындардың ұйымдастырылуы өте ұнады, спортшылар ештеңеден тарықпады, - деп атап өтті кездесу барысында халықаралық сыныптағы спорт шебері, ПМПИ магистранты Сергей Берестовский. - Тамаша трамплиндер мен жанкүйерлердің қызу қолдауы мені өз үйімдегідей сезінуіме жағдай жасады».