Әзірбайжан мен Украина қаржылық барлаудың «қара тізіміне» ілікті

АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Қаржылық қылмыстармен күрес жөніндегі халықаралық ұйым Әзірбайжан мен Украинаны қылмыстық жолмен табылған табыстарды кәдеге асырумен және лаңкестікті қаржыландырумен күресуде кемшіліктерге жол берген елдердің «қара тізіміне» енгізіп отыр,

Әзірбайжан  мен Украина  қаржылық барлаудың  «қара тізіміне» ілікті

деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Ұйымның мәлімдемесінде аталған елдер туралы қысқаша ақпар берілген. Әзірбайжан туралы, онда «ілгерілеушіліктің бар екені», бірақ кемшіліктердің де жоқ еместігі және Бакудің оларды жоюға келіскені туралы айтылған. Украинаға да осыған ұқсас баға беріліп отыр.

Қаржылық қылмыстармен күрес жөніндегі халықаралық ұйым - әлемнің 35 жетекші қаржылық барлауының басын қосып отырған орган.