Әзірбайжанда Гейдар Әлиевтің туған күні атап өтілді

БАКУ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Әзірбайжан халқының жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің 86 жылдығына байланысты ел президенті Ильхам Әлиев мамырдың 10-ы күні әкесінің зиратына барды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Гейдар Әлиевті еске алу рәсіміне Елші Серік Пірімбетов бастаған қазақстандық дипломаттар да қатысты, олар бейітке гүл шоқтарын қойды. Ұлт басшысының туған күніне орай бұл күні Бакудегі Г.Әлиев атындағы саябақта 2004 жылдан бері республиканың бұрынғы президентінің құрметіне жыл сайын өткізіліп келе жатқан дәстүрлі гүл мерекесі өтті. Осынау атаулы күнге орай Әзірбайжан елордасы мен республиканың басқа да қалаларында мерекелік концерттер өтті, отшашулар ұйымдастырылды.
Соңғы жаңалықтар