Әзірбайжанда қаңтар оқиғасының 20 жылдығы аталып өтуде

БАКУ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Әзірбайжанда қаңтар оқиғасының 20 жылдығы аталып өтуде,

Әзірбайжанда  қаңтар  оқиғасының  20 жылдығы аталып өтуде

деп хабарлады ҚазАқпарат.

1990 жылғы қаңтардың 20-сы Әзербайжан Республикасының тарихында ел халқының тәуелсіздік үшін күресінің ерлік парағы ретінде есте қалған. Бүгін - Әзірбайжанда бүкілхалықтық аза тұту - әміршіл-өктемшіл жүйе салдарынан қаза тапқандарды еске алу күні.

Кеңес Одағының бірқатар елдердің ішкі ісіне араласқанын тарих біледі: 1956 жылы кеңес әскерлері - Мажарстанға, 1968 жылы - Чехословакияға, 1979 жылы Ауғанстанға кірді. Бірақ 1990 жылдың қаңтарында КСРО Конституциясының талаптарын, Әзірбайжан КСР-ның негізгі заңы мен 1965 жылғы «Азаматтық және саяси құқықтар туралы» халықаралық пактіні бұза отырып, кеңес әскері қалаға басып кірді және халықты қырды. Осы актінің салдарынан Баку мен республика аудандарында 133 адам өлтірілді, 744 адам жараланды, 841 адам заңсыз тұтқындалып, 5 адам із-түссіз жоғалып кетті. Әскерилер 200 үй мен пәтерді, 80 көлікті өртеп жіберді, 6 миллион рубльдің мемлекеттік мүлігі мен жеке меншік мүлігі жойылды. Өлтірілгендердің арасында әйелдер, балалар мен қарттар, жәдел жәрдем және милиция қызметкерлері де болған. Бұл күні әзірбайжандықтар тәуелсіздік үшін күресте шейіт болған туған-туыстары мен жақындарын еске алып, аза тұтады.