«Азия авто» биыл 6,5 мың көлік шығарып, дағдарысқа дейінгі ең жақсы көрсеткіштен үш есеге асып түсті

АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Бірінші жартыжылдықта «АЗИЯ АВТО» компаниясында автокөліктерді шығару көлемі өткен жылғы нәтижеден 2,5 есеге асып, 6547 бірлікті құрады.
None
None

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.  

Зауыт осы кезеңде Қазақстандағы барлық жеңіл авто өндірістің 88 % қамтамасыз етті. Отандық авто өнеркәсіп көрсеткіштерінің өсіміне ең үлкен үлес қосқан КІА маркалы автокөліктері. Бірінші жартыжылдықта олар шығарылым көлемінің 35,6 % құрады. «АЗИЯ АВТО» барлық өнімінің 32,9 % Lada маркасы құрады. Chevrolet пен Skoda логотиптері  сәйкесінше 21,8% және 9,8% автокөлік құрастырды.

Жылдың басынан бастап, 6 айдың ішінде «АЗИЯ АВТО» автокөліктерін 5958 қазақстандық иеленді, өткен жылдың осы кезеңіндегіден 2,3 есеге көп.

Осылайша, зауыт дағдарысқа дейінгі ең жақсы көрсеткіштерден үш есеге асып түсті.

Соңғы жаңалықтар