14:45, 23 Қараша 2015 | GMT +5
«АЗИЯ АВТО» компаниясы көлік бағаларын 2016 жылы өзгертуді жоспарлап отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - «АЗИЯ АВТО» компаниясы көлік бағаларын 2016 жылы өзгертуді жоспарлауда. Бұл туралы «АЗИЯ АВТО» АҚ президенті Ерік Сағымбаев мәлім етті.

"Әрине, ешқандай ғажайыптар жоқ. Кейбір автобөлшектер валюталық режимде тұр. Сондықтан валюта бағамының өзгеруі - көлік құнына да әсер етеді. Сондықтан бағаның өзгеруі келесі жылы орын алады", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында.
Е. Сағымбаевтың айтуынша, компания кірісті көбейту мақсатында түрлі акциялар мен жеңілдіктер жасауда. Сонымен қатар 20 тамызға дейін шығарылған көліктердің бағасын бұрынғы бағаммен сатуда.
"Кейбір көліктерге біз 50% жеңілдіктер жасадық. Тұтынушылар бұған өте жақсы қызығушылық танытты", - деді компания басшысы.