«Азия Авто» зауыты Skoda-ның жаңа модельдерін шығара бастады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Қазақстандық автомобиль нарығында Skoda орта тап пен кроссовер сегментінде 4 жаңа модельмен толығады. «Азия Авто» республикадағы ірі автомобиль зауыты Skoda Octavia 4x4, Octavia Combi 4x4, Octavia Scout және Yeti 1.6 MPI AT құрастыра бастады.

 «Азия Авто» зауыты  Skoda-ның жаңа модельдерін шығара бастады

Компаниядан хабарлағандай, Skoda маркасына деген сұраныс биыл артқан. 2014 жылдың қаңтарынан қазанына дейін сатылған көліктер саны 43% артқан. 2015 жылдың ақпанынан қазақстандықтар Skoda-ның оннан астам автомобиль модельдері мен модификацияларына қол жеткізе алады.

«Азия Авто» АҚ президенті Ерік Сағымбаевтың сөзіне қарағанда, зауытта Skoda-ның жаңа модельдері құрастырыла бастады.

«Бүгін Skoda Қазақстанда жақсы сатылатын автомобильдердің ондығына енген. Қаңтар-қазан айларында шығарылған өнімнің 21% жуығы Skoda үлесі. Аталған маркаға деген сұраныстың артуы ағымдағы жылдың шілде айында Rapid Spacebask хэтчбегін, Octavia RS лифтбэктерін және Octavia 1.6 MPI құрастыра бастауымен байланысты. Жаңа көлік иелерінің көбі Rapid-ті таңдаған. Бүгінде бұл еуропалық модель Қазақстан нарығында бірінші орында.

Жаңа модельдер 2015 жылдың ақпанынан сатыла бастайды деп жоспарланған.