Азия чемпионаты: 10 сәуірде ел құрамасынан бес боксшы финалда сынға түседі

АСТАНА. KAZINFORM - Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында бүгін, 10 сәуірде финалда ел құрамасынан кімдер шаршы алаңға шығатыны белгілі болды.

Сабырхан
Фото: Қазақстан ҰОК

Бұл күні еліміздің ерлер құрамасынан бес боксшы алтын медальды сарапқа салады. Олардың қатарында Оразбек Асылқұлов, Төрехан Сабырхан, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай бар.

Күндізгі сессия, 10:00

3-жұп. 60 келі. Оразбек Асылқұлов - Сачин Сачин (Үндістан)

5-жұп. 70 келі. Төрехан Сабырхан - Зейад Ишаиш (Иордания)

6-жұп. 75 келі. Сабыржан Аққалықов - Жавохир Абдурахимов (Өзбекстан)

8-жұп. 85 келі. Нұрбек Оралбай - Жасурбек Юлдошев (Өзбекстан)

10-жұп. 90 келіден жоғары. Айбек Оралбай - Данабек Байкенже (Қытай).

Ал еліміздің әйелдер құрамасы құрлықтық додада 2 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлдеге қол жеткізді.

Беделді бәсекеде Надежда Рябец (80 келі), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) Азия чемпионы атанса, Бақыт Сейдіш (70 келі) күміс жүлдегер болды.

Сондай-ақ Әйгерім Сәттібаева (48 келі), Валентина Хальзова (70 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Еліміздің әйелдер құрамасы медальдар саны жөнінен екінші орынға тұрақтады. Көш басында тұрған Үндістанның 4 алтын, 2 күміс, 4 қола медалі бар.