Азия чемпионаты: 5 сәуірде шаршы алаңға шығатын боксшылар белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр.

азия ойындары бокс
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бокс федерациясы мәліметінше, 5 сәуірде ширек финалда тағы бес боксшымыз шаршы алаңға шығады.

Күндізгі сессия 09:00

48 келі. 4-жұп Әйгерім Сәттібаева - Сабина Бобокулова (Әлем чемпионатының 2 мәрте қола жүлдегері, Өзбекстан)

57 келі. 8-жұп Ұлжан Сәрсенбек - Пунрауе Руенрос (әлем чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері)

2024 жылы Азия чемпионатының жартылай финалында Таиланд спортшысы жеңіске жеткен.

Кешкі сессия 14:00

75 келі. 4-жұп Сабыржан Аққалықов - Тайга Яги (Жапония)

80 келі. 7-жұп Ерасыл Жақпеков - Фазлиддин Еркинбоев (әлем чемпионы, Өзбекстан)

Үшінші мәрте жолығады. 2025 жылы «Странджа» турнирінде Фазлиддин жеңсе, 2024 жылы Астанадағы U22 Азия чемпионатында отандасымыз ұпай санымен басым түсті.

90 келі. 11-жұп Сағындық Тоғамбай - Хуежен Хан (Қытай)

2023 жылы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының жартылай финалында Қытай боксшысы жеңсе, 2024 жылы Elorda Cup турнирінде отандасымыз басым түсті.

Айбек Оралбай Азия чемпионатының жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар Ертуған Зейнуллинов пен Валентина Хальзова жартылай финалға жолдама алды.

Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатында жүлдесіз қалды.

Лаура Есенкелді Азия чемпионатын ширек финалда аяқтады.

Махмұд Сабырхан Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.