Азия чемпионаты: Қазақстан батуттағы гимнастикадан екі жүлде еншіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Батуттағы гимнастикадан Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Виктория Бутолина
Фото: ҰОК

Әйелдер арасындағы жекелей секіру сайысында Виктория Бутолина қола жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ ерлер арасындағы синхронды секіру бағдарламасында отандастарымыз сәтті өнер көрсетті. Никита Тумаков пен Ерлан Тасмағамбетов күміс медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бозбалалар мен юниорлар санатында да он медаль еншіледі. Отандастарымыздың қоржынында екі алтын, төрт күміс және төрт қола жүлде бар.

Бұған дейін Эвелина Ежова Ташкенттегі Challenge Cup турнирінде топ жарғаны хабарланды.