Азия чемпионаты: Қазақстандық грек-римші 1/4 финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық грек-рим балуаны Хусейн Муцольгов (87 келіге дейін) Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.
None
None

Алғашқы жекпе-жекте Муцольгов Оңтүстік Корея елінен келген спортшыны 13:4 есебімен тізе бүктірді. Енді келесі кезеңде жерлесіміз Өзбекстанның өкілі Мухаммадали Шамсидиновпен кездеседі.

Тағы бір балуанымыз Мақсат Ережепов (77кг) ирандық Мохамадалли Гераиге жол берді.

Фото: sport.inform.kz

Соңғы жаңалықтар