Азия чемпионатында ауыр атлетші Анастасия Швабауэр Қазақстанға алғашқы «алтын» әперді
ТАШКЕНТ. Сәуірдің 11-і. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Қазақстандық спортшы Анастасия Швабауэр жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпинатында алтын медальді жеңіп алды.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, Ташкенттің «Өзбекстан» спорт кешенінде әлемнің 24 елінің 200-ден астам спортшылары сынға түсуде. Спорт додасына Қытай, Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея, Бангладеш, Катар, Корей Халықтық-Демократиялық Республикасы, Малайзия, Сингапур, Сирия, Таиланд сяқты елдердің өкілдері қатысуда.
Сенбі күні, сәуірдің 10-ында қазақстандық спортшылар өнер көрсетті. Көкшетаулық Анастасия Швабауэр (63 килә) алтын медальді жеңіп алды.
Бұдан басқа біздің спортыларымыз Гүлзира Бекішева, Әсем Сәрсекенова, Мәдина Ташкенбаева, Сәуле Сәдуақасова өздерінің шеберліктерін көрсетіп, таңдаулы ондыққа кірді.
Қазақстанның құрамасы қазірдің өзінде Сингапурда өтетін жастар арасындағы І Олимпиадалық ойындардың төрт лицензиясына ие болды.