Азия Олимпиадалық кеңесінің 28-ші Бас ассамблеясында Қазақстанның Қысқы Азия ойындары аясындағы дайындық жұмыстары жоғары бағаланды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Қысқы Азия ойындарының сайтына сілтеме жасап.
Жиын барысында Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті Тимати Фок Қазақстандағы Азия ойындары аясындағы дайындық жұмыстарын жоғары бағалайтынын және оның тиісті деңгейде өтетініне сеніммен қарайтынын атап өтті.
Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетовтың айтуынша, 2011 жылы Қазақстанда өтетін Қысқы Азия ойындарына арналған нысандардың дайындығы 80-90 пайызды құрайды. Нысандардың бірқатары биылғы жылдың соңына дейін аяқталатын болады. Айта кетейік, Астана күні қарсаңында 30 мың орынға арналған жабық стадион іске қосылды. Енді бұл стадионда Азия ойындарының салтанатты ашылуы өтетін болады.
«Мен Астана мен Алматыдағы Азия ойындарына дайындық жұмыстары сәтті жүріп жатқанына қуныштымын. Сіздер қарқынды жұмыстарды атқарып жатырсыздар, осыған байланысты Азия ойындарының басталуын ерекше ыждағатпен күтіп отырмыз. Атап айтқанда ойындардың басталуы барша Азия үшін мереке болады деген ниеттеміз»,- деді Азия Олимпиадалық кеңесінің президенті шейх Ахмад әл-Фахад әл-Сабах.