Азия ойындарында қай елден қанша боксшы шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан жартылай финалға қай елден қанша боксшы шыққаны белгілі болды.

в
Фото: Қазақстан ҰОК

Құрлықтық бәсекеде ел құрамасынан 1/2 финалда қазақстандық бес боксшы сынға түсетін болды. Олардың қатарында Махмуд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Наталья Богданова (75 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) бар.

Енді жартылай финалда Өзбекстан мен Қытай - 7, Үндістан - 6, Қазақстан - 5, Жапония - 4, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, Солтүстік Корея, Иордания, Вьетнам, Тайпей - 2, Филиппин, Иран және Таиландтан 1 боксшы сынға түседі.

Қазірге дейін ел құрамасынан Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (80 келі), Назым Қызайбай (54 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (55 келі), Нұрбек Оралбай (90 келі) жарыс жолынан шығып қалды.

Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасынан Қазақстандық боксшылар Азия ойындарында соңғы рет 2014 жылы Инчхонда алтын медаль жеңіп алған. Бұдан кейін Джакартадағы 2018 жылғы және Ханчжоудағы 2023 жылғы Азия ойындарында қазақстандық боксшылар алтын жүлдесіз қалған.