Азия ойындарын өткізу - Қазақстанның әлем спорты алдындағы биік беделінің көрсеткіші - ҚР Президенті

ТЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ -Азия ойындарын өткізу - Қазақстанның әлем спорты алдындағы биік беделінің көрсеткіші. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында 2011 жылғы Азия ойындарына арналған кеңес барысында айтты.
None
None

«Біздің еліміз Азиада идеясын алға жылжытуда жаңа биік мақсаттарға жетеді және бұл бағытта алдыға қойған міндеттерді сәтті орындайды деп ойлаймын», деді Елбасы өз сөзінде.

Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Спорт және туризм министрі Темірхан Досмұханбетов, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовтың қатысуымен өткен кеңес барысында Елбасына Азия ойындарына дайындық жұмыстары туралы баяндалды.

Соңғы жаңалықтар