Азия жастарына арналған виртуалды алаң құру ұсынылды
«Бүгінгі форум қорытындысы бойынша бір-бірімізбен өзара іс-қимыл жасау үшін виртуалды алаң орнатуды ұсынғым келеді. Ол жерде ортақ проблемаларды талқылауға болады. Қазақстанда жастарға арналған табысты іске асып жатқан бірқатар бастама бар. Соның бірі - «Болашақ» бағдарламасы. Аталған жобаның арқасында көптеген жастар шетелде білім алып жатыр. Жарқын жобалардың бірі – Президенттік жастар кадрлық резерві», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александар Данилов елордада өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары бойынша V жастар кеңесі барысында.
Оның айтуынша, елімізде өсемін деген жастарға мүмкіндік бар және ол бәріне бірдей.
Сондай-ақ, министрдің орынбасары Қазақстан жастар саясаты мәселелері бойынша Азия елдерімен тәжірибе алмасуға дайын екендігін жеткізді.
Бұған дейін Александр Данилов елімізде жастар саясаты жөніндегі кеңес жұмысын қайта жасақтау керектігін алға тартты.
Айта кетсек, Нұр-Сұлтан қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары бойынша жастар кеңесінің бесінші отырысы өтіп жатыр.