«Азиялық Букерді» қытайлық жазушы Су Туннің романы алды

АСТАНА. Қарашаның 20-сы. ҚазАқпарат - «Азиялық Букердің» - The Man Asian Literary Prize-нің - иегері 2009 жыл қытайлық жазушы Су Тун «The Boat to Redemption» («Арылу қайығы») романы үшін ие болды,

«Азиялық Букерді» қытайлық жазушы Су Туннің романы алды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press сайтына сілтеме жасап.

Сыйлық сайтындағы аннотацияға сай «The Boat to Redemption» романында Қытай Коммунистік партиясы шенеунігінің өмірі сипатталады. Онда кейіпкер өзін төңкеріс қаһарманының ұрпағына балап, жалғанды жалпағынан басып өмір сүреді және оның өтірігі әшкереленген соң бой тасалауға мәжбүр болады. Қуғынға ұшыраған және өмірін түбегейлі өзгерткен бұрынғы партиялық функционер өз ұлымен бірге өзенде қайраңдап қалған баржаны қоныс етеді.

Су Тун ресейлік оқырмандарға жақсы таныс. Оның «Соңғы император» деген романы 2008 жылы жарияланған болатын. Су Туннің «Әйел және кәнизактар» атты хикаяты Чжан Имоудың режиссерлігімен түсірілген «Қызыл фонарды көтер» фильмінің сценарийіне негіз болды.

The Man Asian Literary Prize сыйлығы Азия елдері авторларының ағылшын тіліне аударылған, бірақ әлі жарияланбаған кітаптарына беріледі. Роман-жеңімпаздың авторына - 10 мың АҚШ доллары, ал осы кітапты ағылшыншалаған аудармашыға 3 мың доллар беріледі.

The Man Asian Literary Prize сыйлығы 2007 жылы тағайындалған болатын. «Азиялық Букердің» тұңғыш сыйлығына қытайлық жазушы Цзян Ронг «Ұяластар тотемі» (Wolf Totem) романы үшін ие болды.