Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаның өсуін тежеу жұмыстары жалғасын табуда

АҚТАУ. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Маңғыстау облысының халқын азық-түлікпен қамту, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сақтық қорын жасақтау, баға өсімін тежеу мақсатында ауыл шаруашылығы саласында жұмыстар жалғасын табуда.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаның өсуін тежеу  жұмыстары жалғасын табуда
«Берекет» МКК арқылы бірінші кезектегі қажетті азық-түлік түрлері үзіліссіз жеткізіліп, қала мен аудандардағы 61 сауда нүктелерінде нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен бағамен сатылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.2008 жылы «Берекет» МКК-ының жарғылық қорын толықтыру, сауда айналымын кеңейту мақсатына 470 млн. теңге, көкөніс қоймасын салуға 67 млн. теңге, өндірістік база сатып алуға 192 млн. теңге бөлінген. Негізгі азық-түлік түрлерін сатып алуға өнім өндірушілермен тікелей меморандум мен келісімшарттарға қол қойылып, тұрақты іскерлік байланыс орнатылған. Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен ұқсатушылары өндірген өнімдерін тұтынушыға делдалсыз арзан бағамен жеткізу мақсатында әрбір сенбі сайын Ақтау және Жаңаөзен қалаларында, аудан орталықтарында жәрмеңке өткізу тұрақты жолға қойылды.Облыстағы азық-түлік бағасы тиісті мемлекеттік органдар тарапынан күнделікті тұрақты бақылауға алынып, оның өсуіне жол бермеу шаралары мерзімінде жүргізіліп отыр. Осындай қызметтер нәтижесінде азық-түлік тауарлары бойынша инфляция деңгейі өткен жылы тұрақты болды. Ендігі міндеттер қатарында отандық өнімдер көлемін ұлғайту, «Берекет» МКК қызметінің аясын кеңейту, Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында көкөніс, ет және балық өнімдерін сақтайтын және ауыстырып тиейтін аймақтық терминалдың құрылысын бастауға және Бейнеу ауданының Бейнеу ауданында жем зауыты бар ұн шығару кешенінің салынуына ықпал ету жұмыстары тұр.