Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бәріміз де үлес қосуымыз керек ? шаруашылық басшысының пікірі

ОРАЛ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бәріміз де үлес қосуымыз керек.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Сырым ауданындағы «Көктөбе» ЖШС директоры, облыстық мәслихат директоры Кейпін Төлегенов мәлім етті. Оның айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту арқылы экспортты әртараптандыру мәселесін де шешуге болатындығын атап көрсетті. Осы салаға 280 млрд. теңгенің бөлінуі - әрине, үлкен көмек. Мемлекет ауыл шаруашылығын қолдауды ешқашан ұмытқан емес. Шынында да жеріміз кең, еліміз бай, істеген адамға жұмыс табылады. Мұны «Көктөбе» серіктестігінің тіршілік-тынысынан да көруге болады. Егін өсіріп, мал бағатын ауыл тұрғындары өз еңбекақыларын уақтылы алып отыр. Соңғы жылдары егін орағында үздік шыққандарға «темір тұлпарлар» мінгізу, басқа да көтермелеу шаралары қолға алынды. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі кеміген емес. Мысалы, біз астықпен өзімізді қамтып ғана қоймай, шетке де шығара аламыз. Сонымен қатар ауылда жаңа ғимараттар, орындар іске қосылып, балабақша, мектеп және басқа әлеуметтік нысандар жұмыс жасап тұр. «Елбасы айтқандай, бірліктің арқасында бұл сыннан да абыроймен өтетініміз анық», деді шаруашылық басшысы.
Соңғы жаңалықтар