«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» шаруаларды көктемгі-жазғы қаржыландыруға 14 млрд. теңге бағыттайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді көктемгі-жазғы қаржыландыруға 14 млрд. теңге бағыттайды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

«Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес көрсетілген сома 1 гектар жер көлеміне 6 000 теңге есебінен белгіленіп отыр. Бұл ретте еліміздегі екінші деңгейлі банк немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар кепілдемелерімен көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден бидай және арпаны форвардты жолмен сатып алуды жүргізуге бағытталады. Ондай сатып алу бірқатар шарттармен жүзеге асырылады. Атап айтқанда, 2014 жылғы 1 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге дейін бастапқы төлемақы сомасынан 5% мөлшерінде комиссия төлемі, агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерінің 2012 жылғы қаржыландыру шарттары және 2013 жылғы форвардты жолмен сатып алу шарттары бойынша өз міндеттемелерін толық орындауы. Сонымен қатар, шаруа қожалықтарында «ҚазАгро» холдингі» АҚ еншілес ұйымдарының және басқа қаржы ұйымдарының алдында мерзімі өткен міндеттемелердің болмауы тиіс», делінген баспасөз баянында.

Аталған бағдарламаға қатысатын және Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар кепілдемесін ұсынатын АӨК субъектілерінің тізімін облыстық әкімдіктер жанындағы Үйлестіру кеңестері жасайды. Ал екінші деңгейлі банктер кепілдемелерін ұсынатын АӨК субъектілері облыстық Үйлестіру кеңестерінің тізімдеріне енгізілместен қатыса алады.

АӨК субъектілерінің міндеттемелерін орындауы Азық-түлік келісімшарт корпорациясы белгілейтін бастапқы төлемақы көлемінің және сатып алу бағасының сомасы негізінде анықталатын бидай немесе арпаны 2014 жылғы 1 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге дейін жеткізу арқылы жүзеге асырылады.

Аталған бағдарламаға қатысуға ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден өтінімдер Азық-түлік келісімшарт корпорациясының облыстық өкілдіктерінде қабылданады.

Соңғы жаңалықтар