Азық-түлік корпорациясы СҚО шаруаларынан 300 млн. теңгеге бидай мен арпа сатып алды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстанда «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ аймақтың диқаншыларынан жаңа астық өнімінен бидай мен арпаны 300 млн. теңгеден астам қаржыға сатып алды.
«Азық-түлік корпорациясы өңір диқаншыларынан астық сатып алуды жалғастыруда. Осы күні қоймаларда жалпы сомасы 300 млн. теңгеге сатып алынған 9 мың тоннаға жуық астық бар. Ең белсенді шаруалар Мағжан Жұмабаев ауданында. Олар жаңа түсімнің шамамен 3 мың тоннасын тапсырды. Бағаға келетін болсақ, үшінші сұрыпты бидайды Азық-түлік корпорациясы 42 мың теңгеден, жемшөпті - 35 мыңнан, бесінші сұрыпты бидай мен арпаны 30 мың теңгеден сатып алуда. Алайда жалпы алғанда, жоғары бағаға қарамастан, аймақтың шаруалары астық тапсыруға асығар емес», - деп ақпараттандырды «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ СҚО өкілдігінің директоры Рүстем Жанатаев.