Б. Байбек Алматыдағы ОҚО жәрмеңкесінде жүзім мен шұбат сатып алды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ауылшаруашылық жəрмеңкесі өтті. Оңтүстік Қазақстан облысының 14 ауданы мен Шымкент, Түркістан қалаларынан келген фермерлер мен алматылық 38 кəсіпорын оңтүстік астанаға 200 тоннадан астам азық-түлік əкелді.

Б. Байбек Алматыдағы ОҚО жәрмеңкесінде жүзім мен шұбат сатып алды (ФОТО)

Азық-түлік сапасын қала əкімі Бауыржан Байбек сынап көрді. Қала басшысы Оңтүстік Қазақстан облысының танымал өнімі жүзім мен шұбат сатып алды.

7 мыңға жуық тұрғын ет, сүт, жарма, шұжық, көкөніс өнімдерін базар бағасынан 15-20 пайызға төмен бағамен сатып алды.

Оның ішінде жалпы құны 100 млн теңге болатын 56 тонна ет, 75 тонна жеміс-көкөніс, 5 тонна сүт, 66 тонна өзге де азық түлік өнімдері сатылды.

Жəрмеңке барысында ОҚО əкімшілігі аймақтық кəсіпорындарға Алматыда логистикалық орталық салуға ұсыныс білдірді. Бұл ОҚО фермерлеріне өз тауарларын делдалсыз тікелей сатуға мүмкіндік береді. Қала əкімі құзырлы органдарға аталған ұсынысты қарауды тапсырды.