Б.Байбек: Елбасы Жолдауы аясында жол құрылысына бөлінетін қаржының ең кемі 1 млрд. доллары жұмыскерлердің жалақысына жұмсалады

Партия Төрағасының бірінші орынбасары Елбасы Жолдауында атап өтілген жаңа жобаларға тоқтала келе: «Мамандардың есебінше, тек жол құрылысына ғана 200 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беріп, бөлінетін қаржының ең кемі 1 млрд. доллары жұмыскерлердің жалақысына жұмсалады екен. Өз кезегінде көзделген 24 млрд. қаржының қомақты пайызы салық ретінде бюджетке түсіп, ол жер-жердегі күрделі мәселелердің шешілуіне, халықтың игілігіне жаратылатын болады», - деді.
Сонымен қатар Б.Байбек Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» аясында бөлінетін қаржының зор мультипликативті нәтиже көрсететін, халыққа, мемлекетке мейлінше пайда келтіретін салаларға жұмсалатын баса айқанын еске салды.
«Болашақ қоры саналатын Ұлттық қор қаражатының келешектің игілігіне жаратылуы ілде бір елдің қолында бар мүмкіндік. Елбасы пәрменімен жиналған қор қаржысы кезінде кейбір саясаткерлер мен экономистер ұсынылғандай таратылып кетсе, бүгіндей орасан әлеует қолымызда болмасы айдан анық. Осынау ауқымды жобаға бөлінетін қаржының тиімді жұмсалуын қадағалауды Мемлекет басшысы арнайы құрылатын комиссияға, «Нұр Отан» партиясына атап тапсырды. Сондықтан «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламасында көрсетілгендей, партиялық, қоғамдық бақылауды күшейту арқылы халық игілігіне арналған мемлекет қаражатының шашаусыз жұмсалуын жүзеге асыру - басты міндет»,- деді ол.