11:31, 13 Маусым 2016 | GMT +5
Б.Мамбетбаев жастар құрамасының аға бапкері болып тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грек-рим күресі бойынша Қазақстанның жастар құрамасының бапкерлер құрамында кадрлық ауыс-түйіс орын алды. Бұл ВКонтакте желісіндегі Kazakhstan Wrestling Online тобының парақшасында жарияланды.

Sports.kz хабарлауынша, бірнеше жыл жастар құрамасының бапкері болып қызмет еткен Бауыржан Мамбетбаев енді аталған команданың аға бапкері болды.
Жас және болашағынан үміт күттіретін маман бұл қызметте Боранбек Қоңыратовты алмастырды.