Б.Майлыбаев: Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу - бұл Қазақстан үшін жаңа мүмкіндік

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Назарбаев Университетінде «Қазақстан-2050: іске асырудың алғашқы қорытындылары және өзекті проблемалары» атты тақырыпта Қазақстан саясаттанушыларының конгресі өтуде.
None
None

Жиынды ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев ашып, ҚР Президентінің құттықтау сөзін оқып берді. «XXI ғасырдағы елдің экономикалық, саяси, әлеуметтік жаңғыруының басты бағдарлары көрсетілген «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудың алғашқы қорытындыларына арналған Қазақстан саясаттанушыларының 7-ші конгресіне қатысушылар. Оны жүзеге асырудың барынша маңызды индикаторы әлемнің барынша дамыған 30 елінің қатарына кіру болып табылады. Бұл мақсаттарға қол жеткізу барша қазақстандықтардан зор жауапкершілік күтеді, барша зияткерлік ресурстардың ұтқырлығын талап етеді. Осынау басты процесте саяси қоғамдастыққа зор рөл жүктеледі», - делінген Мемлекет басшысының құтықтауында. «Мемлекет басшысы атап өткендей, «2050 стратегиясы» адамдардың күнделікті өміріндегі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бұл - «Назарбаев моделін» іске асырудың жаңа кезеңі. Бұл таяудағы 36 жылға арналған, айналасына бүкіл халық шоғырланып отырған басты саяси міндет - жаңа саяси бағыт болашағымыздың даму қалай болады, басқаша айтқанда, ғаламдық трендтерді еспке алғанда, Қазақстан және қазақстандықтар қалай дамиды деген сұраққа жауап береді. Бұл - Қазақстанның және қазақстандықтардың ХХІ ғасырдың тереңіне жаңа бірыңғай көзқарасы. Бұл - біздің ортақ болашағымыздың форсайт-жобасы. Ол экономиканы ауқымды жаңғыртудың барлық міндеттерін және қазақстандықтардың әлеуметтік өмірінің барлық қырларын қисынды түрде біріктіреді. «2050 стратегиясы» Қазақстанның ықпалдастық үдерістеріне, ең алдымен еуразиялық ықпалдастыққа қатысуының маңыздылығын да көрсетеді. Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу - бұл Қазақстан үшін жаңа мүмкіндік», - деді Б.Майлыбаев. Айта кетейік, іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президенті әкімшілігінің, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, халықаралық сарапшылық ұйымдардың, жастар бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ саясаттанушылар қатысуда.

Соңғы жаңалықтар
Референдум